Қазақстан мен Ресей стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Сонымен қатар президенттердің қатысуымен екі ел делегацияларының мүшелері 19 құжатпен алмасты. Оның ішінде өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасы, денсаулық, көлік, туризм сияқты салаларды дамыту шаралары туралы келісімдер бар.