ҚР СІМ: Оңтүстік Кореядағы қақтығыс кезінде жараланғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ
Оңтүстік Кореядағы қақтығыс кезінде жараланғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ.
Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Оңтүстік Кореяда Президент аппараты доғарысқа кетті.
Жұмысынан қуылғандар арасында Президент әкімшілігінің басшысы, Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші, Саяси мәселелер бойынша штаб басшысы және тағы 7 аға кеңесші бар. Бұл туралы «Рёнхап» агенттігі хабарлады. Сондай-ақ қазіргі президент Юн Сок Ёльге импичмент жариялау бойынша дауыс беру желтоқсанның 6-сы не 7-сі өтеді. Ол үшін Парламент депутаттарының жартысынан астамы қатысып, олардың үштен екісі импичментті бастауды қолдауға тиіс. Қазір Оңтүстік Кореяның Ұлттық ассамблеясында 300 депутат бар. Оның 182 оппозиция өкілі.