Саяси серпіліс: Қазақстан 6 халықаралық ұйымға төрағалық етті

Биыл Қазақстан үшін саяси серпіліс жылы болды. Астана 6 халықаралық ұйымға төрағалық етті. Нәтижесінде әлемдік аренадағы орта державалық рөлі нығайып, жаһандағы маңызды ойыншылардың біріне айналды. Бұл туралы 2024 жылға саяси қорытынды жасаған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің бас хатшысы Қайрат Сарыбай айтты. Ол ушыққан геосаяси ахуалды еске салып, осындай алмағайып заманда елдің беделі өсіп жатқанын жоғары бағалады.

Қайрат Сарыбай, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің бас хатшысы:

- Халықтар арасындағы қатынаста орта держава ретінде, орта мемлекет ретінде қалыптасты. Орта күш болу үшін көңіліңіз бір жаққа аумай, тең қарауыңыз керек. Әділ шаралар ұсыну керек. Сондықтан Қазақстаның орта держава ретінде халықаралық қатынастар кезінде кейбір кикілжің кезінде әрқашан салиқалы ұсыныстар мен салиқалы болмысымен, бейбіт жолмен шешудегі үлесін қосып отыр.