АҚШ Конгресі Трамптың президент сайлауындағы жеңісін бекітті
АҚШ Конгресі сайлауда көп дауыс жинаған Дональд Трамптың жеңісін бекітті.
Сайлау нәтижесін вице-президент Камала Харрис мақұлдады. Ол Сенат төрағасы ретінде жетекшілік етті. Жалпы Конгресс қарашада өткен сайлау қорытындыларын екі үміткердің жинаған ұпайларын ресми құжат түрінде бекітеді. Сайлауда Республикалық партия өкілі Дональд Трапм 312, Демократиялық партия атынан сайлауға түскен Камала Харрис 226 дауыс жинаған болатын.