Қытай Қазақстанмен қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге дайын – ҚХР СІМ
Қытай Қазақстанмен қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге дайын.
Көрші ел арадағы стратегиялық байланысты нығайтып, ынтымақтастықты тереңдете түсуге ниетті. Бұл жөнінде Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Го Цзякунь ресми мәлімдемесінде жария етті. Мәлімдеме президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Ана тілі" газетіне берген сұхбатында "Қытай үшін Қазақстан аса маңызды стратегиялық серіктес" деп айтқанына жауап ретінде жасалды. Гуо Цзякунь 2024 жыл Қытай-Қазақстан қарым-қатынасы үшін тағы бір «серпінді жыл» болғандығын атап өтті. Сондай-ақ қос ел басшылары арасындағы байланыс екіжақты ынтымақтастықтың артуына серпін беріп, түрлі деңгейдегі барыс-келіс көбейіп, сауда-экономикалық пен мәдени-гуманитарлық қатынастар нығая түскенін жеткізді.
Го Цзякунь, ҚХР СІМ Баспасөз хатшысы:
- Қытай мен Қазақстан тауымен де, өзенімен де байланысып жатқан өзара сенімі жоғары тату көршілер. Екі елдің ынтымақтастығы түрлі салада жан-жақты әрі қарқынды дамып жатыр. Жаңа жылда Қытай Қазақстанмен даму стратегияларының байланысын нығайтуды жалғастыруға, өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге, түрлі мәселелерді бірлесіп шешуге және екі жақты қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге дайын.