Қазақстанның саяси-әлеуметтік реформасы Женевада таныстырылды
Елімізде жүргізілетін саяси және әлеуметтік реформалар Женевада таныстырылды.
Біріккен Ұлттар ұйымының ғимаратында өткен кездесуде демократиялық өзгерістерге қатысты халықаралық үкіметтік емес ұйымдар мен құқық қорғаушылар өз пікірін ортаға салды.
Женевадағы кездесуде Қазақстан конституциясындағы реформалар жайы талқыланды. Бізден барған делегация құрамы мен халықаралық құқық қорғаушылар мемлекет басшысының тек 7 жылға сайлануы, саяси партияларды тіркеу рәсімінің жеңілдеуі, сондай-ақ сайлау жүйесіне мажоритарлық және пропорционалды моделдерді енгізу тақырыбын қаузады.
Болатбек Нажметдинұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Мынау енді біз өзіміздің парламент туралы айтатын болсақ бұл жердегі берген есебіміз соңғы шақырылымда бізде 100 пайыз депутаттың 70 пайызы қазіргі таңда мынау тізіммен партиялық тізіммен айтып отырмын, 30 пайызы мажорикалық тізіммен өтеді. Яғни сайлау арқылы.
Юлия Кучинская, ҚР парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Мәжілісте түрлі пікірлер неғұрлым көп талқыланса, бұл заң шығару жұмысына оң әсер етеді. Яғни түрлі санаттағы азаматтардың пікірін ескеруге мүмкіндік береді. Осыған дейін тысқары қалған кей ұсынастар Парламенттен кеңінен талқыланады. Сондай-ақ, сот жүйесіне енген өзгерістер азаматтардың өз құқығын қорғауға мүмкіндік береді.
Елімізде бала құқығына қатысты суицид, жыныстық зорлық-зомбылық, ерте жастағы некенің алдын алу бойынша қабылданған қатаң шаралар бар. Білім мекемелеріндегі буллингке қарсы күрес бағдарламасы, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларға қатысты шетелдік сарапшылар өз пікірін білдірді.
Музаффер Уяв Гюльтекин, Женевадағы БҰҰ Түркия өкілдігінің тұрақты кеңесшісі:
Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың мазмұны терең. Балалардың қауіпсіздігін мемлекет деңгейінде қамтамасыз ету - қоғамның келешегі үшін жасалып жатқан игі бастама. Бүгінгі жас ұрпақ ертеңгі болашағымыз. Түркия Қазақстанмен ынтымақтастықты арттыра беруге дайын.
Былтыр елімізде әлеуметтік қызметтер бойынша кәсіби стандарт бекітілді. Бұл реформаның негізінде мүгедектігі бар 30 мыңнан астам адамға арналған онлайн оқыту курстары ашылды. Бұл жөнінде кездесудің екінші бөлімінде таныстырылып, әр елдің өкілдері өзара тәжірибе алмасты.
Фариза Жанғанаева, Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов