Украинадағы Қазақстан елшілігі ондағы Қазақстан азаматтарына арнайы әуе рейсін ұйымдастырды. Аталған рейс 25-26 ақпанда Польшаның Катовице қаласынан шығады. Қазақстандықтар үшін Украина-Польша шекарасынан әуежайға дейін визасыз «жасыл дәліз» қамтамасыз етіледі. Елшіліктегілер қазақстандықтардан бүгін мүмкіндігінше Львовқа жетуін сұрайды. Жиналу орны: Замкнена көшесі, 3/1 мекен-жайындағы ҚР Құрметті консулдығы. Қосымша ақпарат алу үшін экранда көрсетілген нөмірлерге хабарласуға болады: +38 (032) 240-36-70 +38 (067) 989-28-19