Алматылық «Қайрат» футболдан суперкубок жеңімпазы атанды
Футболдан алматылық «Қайрат» Қазақстан суперкубогін 3-мәрте иеленді.
Олар Ақтөбе қақпасына жауапсыз 2 гол соғып, жеңіске жетті. Ойынды тамашалауға 30 мыңдай адам жиналды. Матчта 2 клубтың жанкүйерлері де соңына дейін өз командаларына қолдау білдірді.
Мерей Қанапия, тілші:
- Қазір стадиондағы әсерді жеткізу мүмкін емес. Әсіресе ақтөбелік жанкүйерлер отырған секторларда ине шаншыр орын жоқ. Қазір тойлатуды бастап кетті.
- Қымбатты көрермен, бізде Ақтөбеден келген жанкүйерлер де бар екен. Жаңа ғана Ақтөбеден келдім. Ойын жайлы айтатын болса 2:0 болатын сияқты Ақтөбе ұтады. Оның ішінде Умаев пен Өміртаев гол соғады деп ойлаймын. Есеп қанша да қанша болады деп ойлайсыз?
- 3:1 Ақтөбе ұтады.
- Кімдер гол соғуы мүмкін?
- Умаев пен Сейдахмет..
Бүгінгі матчта есеп 2:1 Ақтөбенің пайдасына шешіледі деп ойлаймын. Кімдер гол соғуы мүмкін?
- Умаев......
Көптен күткен 13-сектордың жанкүйерлері де өз орындарына жайғасып, қыметтеріне кірісе бастады. Олардың негізгі мақсаты мыңдаған ақтөбелікті өз ойыншыларын қолдауға шақыру.
БЛИЦ
Қазір біз Қайрат жанкүйерлері орнласқан секторларға келдік. Мұнда Алматыдан келген фанаттар бар. Бүгін есеп қандай болуы мүмкін? – 2:1 Қайрат жеңеді деп ойлаймын.----- Қайратқа жанкүйерсіздер ме? – ия үшеуміз де Қайратқа...
Мерей Қанапия, тілші:
- Сондай-ақ стадиондағы қауіпсіздік шаралары жоғары деңгейде күшейтілген. Әр адым сайын ұлттық ұландықтар мен ішкі істер министрлігінің қызметкерлерін көруге болады. Ал олардың басты мақсаты алаңдағы футболшылардың қауіпсіздігін қорғау және жанкүйерлер арасындағы жанжалдың алдын алу.
Ойынның 1-таймында есеп ашылмады. Ал екінші кезеңде Қайрат футболшылары шабуылды үдетіп, Ақтөбе қақпасынан саңылау тапты. Тіпті жақында ғана ағылшын премьер-лигасындағы азулы клуб “Челсиге” ауысқан 16 жастағы Дастан Сәтбаев та алаңға шығып, командаластарының жеңіске жетуіне септігін тигізді.
Мерей Қанапия, тілші:
- Осылайша Қайрат Ақтөбе қақпасына жауапсыз 2 гол соғып, Қазақстан суперкубогін 3-мәрте иеленді. Алматылық ұжым сапынан Cантано мен Громыко көзге түсті.
Еркелді Тілеуқұл, жанкүйер:
- Қорғаныс шебін атап өткім келеді. Одан кейін шабуылда бірнеше гол соғатын сәт болғанымен, жіберіп алғанымен 2 гол соқты. Сол үшін командаға рақмет. Барлық алматылықтарды, жанкүйерлерді шын жүректен құттықтаймын.
Сондай-ақ матч аяқталған бойда көрермендер өз секторларын қоқыстан тазартты. Арасында белсенді еріктілер де бар. Олардың басты мақсаты таза Қазақстан акциясы арқылы жанкүйердің бойындағы экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Мерей Қанапия, Нұрғали Мамырбаев, Диас Қобыланбаев