IIHF хоккейден әлем чемпионатына қатысты нақты шешімді қаңтарда қабылдайды

Халықаралық хоккей федерациясы кеңесі (IIHF) биылғы әлем чемпионатының өтетін орны туралы соңғы шешімді қаңтардың соңында қабылдайды.

Бұл туралы ұйым президенті Рене Фазель хабарлады, деп жазды olympic.kz.

«Бізге Беларусь билігімен елдегі саяси жағдай мен коронавирусқа қатысты жайттарды нақтылау керек. Қаңтар соңындағы отырыста нақты шешім қабылдаймыз», - деді IIHF президенті. 

Айта кетелік, шайбалы хоккейден әлем чемпионаты биыл 21 мамыр мен 6 маусым аралығында Минск (Беларусь) және Рига (Латвия) қалаларында өтуі тиіс.