«Реал», «Манчестер Сити» мен «Челси» Чемпиондар лигасынан кетуі тиіс – УЕФА

УЕФА атқарушы комитетінің мүшесі Йеслер Меллер Мадридтің «Реалы» және ағылшынның «Манчестер Ситиі» мен «Челсиі» Чемпиондар лигасынан кетуі тиіс депті.

Биылғы маусымды қалай аяқтайтынымызды кейін шеше жатармыз. УЕФА атқарушы комитетінің кезектен тыс отырысы жұма күні өтеді, сол кезде әлгі командаларға қатысты шешім шығады депті Меллер. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады. Әлгі сөзге ненің түрткі болғанын айтсақ, Еуропадағы 12 клуб, яғни жоғарыда аталған 3 клубпен қатар «Манчестер Юнайтед», «Тоттенхэм», «Ливерпуль», «Арсенал», италиялық «Милан», «Ювентус», «Интер» және испаниялық «Барселона» мен «Атлетико» жаңа еуропалық турнир – Суперлига құратыны туралы жариялаған болатын. Ұзын саны 20 команда бар. Ал УЕФА Суперлигасының құрылтайшылары әлгі командалардың Еуропадағы ұлттық біріншіліктерге қатыспайтынын хабарлады. Айта кеткен жөн, келесі аптада Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Манчестер Сити» франциялық ПСЖ-мен және «Реал» «Челсимен» кездесуі керек.