Н.Сергеева байдарка мен каноэде есуден Олимпиадаға жолдама алды

Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде есуден Азия аймақтық іріктеу турнирінде Қазақстан командасының мүшесі кезекті жолдаманы жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әйелдер арасында бір адамдық байдаркамен 500 метрге жарысудан сынға түскен Наталья Сергеева жарыс жеңімпазы атанды. Нәтижесінде Қазақстан қоржынына келесі жолдаманы салды.

Айта кетерлігі, бұл байдарка мен каноэде есу спорты бойынша Қазақстан қоржынындағы екінші үшінші жолдама. Ағайынды Емельяновтар каноэде есуден Олмпиада лицензиясына иелік етсе, әйелдер арасында екі адамдық каноэде 500 м қашықтықта сынға түскен Маргарита Торлопова мен Светлана Усова жолдама жеңіп алған болатын.

Сондай-ақ...