Елордада БАҚ өкілдері арасында волейбол турнирі мәресіне жетті

«Хабар» командасы волейболдан БАҚ арасында өткен жарыста екінші орынға ие болды.

Елордада ақпарат қызметкерлерінің турнирі мәресіне жетті. Аладоп додасы маусымның 15-інде басталған еді. Турнир қазақ журналистикасының майталманы Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналды. Сайысқа 8 команда қатысты. Финалда «хабарлықтар» «ҚазАқпарат»  агенттігінің ұжымымен кездесті. Үшінші шешуші партияда есеп 15:12 болып, «ҚазАқпарат» жеңімпаз атанды.