Мария Агапованың UFC-дегі үшінші жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Мария Агапованың UFC-дегі үшінші жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

UFC-де бақ сынап жүрген Қазақстанның 23 жастағы спортшысы Мария Агапова (9-2) 10 қазанда октогонға оралады, деп хабарлады Prosports.kz.

Cол күні Мария ММА әлеміндегі үздік ұйымда үшінші жекпе-жегін өткізеді. Колумбияның өкілі Сабина Мазо қарсылас болады.

Қоса кетейік, Марияның қарсыласы 24 жаста, ол UFC-де 5 жекпе-жек өткізіп, оның үшеуінде жеңіске жеткен. Мазо соңғы жекпе-жегінде Алексис Дэвиске есе жіберді.