Олимпиада туындағы бес сақина нені білдіреді және ең алғашқы жалауды ұрлаған кім

Олимпиада туындағы бес сақина нені білдіреді және ең алғашқы жалауды ұрлаған кім
Knews.kg

Бес сақина бейнеленген тудың тарихы туралы не білеміз?

Бүгінде біз тамашалап жүрген Олимпиадалық ойындарды алғаш ойлап тапқан Пьер де Кубертен 1912 жылы тудағы сақиналарды да рәміз ретінде ұсынған және ол Антверпен қаласында болған 1920 жылдың жазғы VII Олимпиадалық ойындарында көрсетілген.

Кейін 1988 жылы жаңа туға ауыстырылады. Қазіргі кезде Швейцарияның Лозанна қаласындағы Олимпиада ойындарының мұражайында сақтаулы тұр.

ҚЫЗЫҚТЫ ОҚИҒА: 1920 жылы Антверпенде өткен Олимпиада ойындары алғаш рет түрлі-түсті сақиналары бар жалаумен өтті. Бірақ ол тек 2 күн ілініп тұрды, содан кейін із-түзсіз жоғалып кеткен. Қайда жоғалғаны тек 80 жылдан кейін ғана анықталды. Дайвингтен Олимпиада ойындарының жүлдегері Хейг Прист оны ұрлап кеткен. Спортшы туды 2000 жылы Олимпиада комитетіне қайтарып берді.

Сонымен Олимпиададағы түрлі түсті сақиналар бес құрлықты білдіреді:

Көк – Океания

Қара – Африка

Қызыл – Америка

Сары – Азия 

Жасыл – Еуропа

Бес сақинаның мағынасы: бес құрлықты да бәсекеге қатысуға, атсалысуға және бейбітшілікке шақыру, сонымен қатар бес құрлықтың да спортшыларына өз бақтарын сынауға мүмкіндік берілетіндігін білдіру. Бүгінде аталған нышанды қолдануға қатысты қатаң кодекс қабылданған. Мәселен, ол кодекс бойынша Олимпиада сақиналары қара түсті фонда бейнеленсе де, сақинананың қара түсін өзгертуге тыйым салынған.

XXIV қысқы Олимпиада биыл Бейжіңде 4-20 ақпан аралығында өтеді. Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар туралы бұған дейін жазған болатынбыз. Ал ашылу салтанатында еліміздің туын Абзал Әжіғалиев пен Екатерина Айдова ұстап шығатыны белгілі болды. «Хабар» агенттігі Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді.