Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Сан-Хосе турнирінің ширек финалына шықты

Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Сан-Хосе турнирінің ширек финалына шықты
ktf.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы, Елена Рыбакина Сан-Хоседегі (АҚШ) WTA 500 сериялы турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Елена екінші айналымда АҚШ өкілі Клэр Люден басым түсті. Кездесу 6:2, 0:6, 2:6 есебімен аяқталды. Матч 1 сағат 35 минутқа созылды. Ширек финалда Рыбакина Америка елінің өкілі Дэнни Коллинзбен ойнайды.

Сонымен қатар Юлия Путинцева алғашқы кездесуінде Австралия өкілі Айла Томляновичті ұтты. Кездесу 6:3, 5:7, 3:6 есебімен аяқталды. Матч 2 сағат 33 минутқа созылды. Турнирдің жартылай финалына шығу үшін Путинцева белгиялық Элиза Мертенспен кездеседі.