«Барыстың» ҚХЛ-дағы рекорды жаңарды

17 жастағы шабуылшы Алдияр Нұрлан «Барыс» тарихында ҚХЛ-дағы ең жас дебютант атанды, деп хабарлайды Prosports.kz

Форвард ҚХЛ-дың жаңа маусымындағы алғашқы матчта уфалық «Салават Юлаевқа» қарсы айдынға шыққан. Ойын ресейлік клубтың пайдасына 5:1 есебімен аяқталған болатын.

Енді 5 қыркүйекте «Барыс» өз алаңында магнитогорскілік «Металлургті» қабылдайды.