Бекзат Нұрдәулетов титулды жекпе-жекте кикбоксшымен жұдырықтасады

Әуесқойда әлем чемпионы болған жартылай ауыр салмақтағы қазақ боксшы Бекзат Нұрдәулетов (3-0, 1 КО) кәсіпқойдағы титулды жекпе-жекте нидерландтық Чико Куасимен (5-0-1, 2 КО) жұдырықтасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec.com мәліметінше, он раундқа есептелген айқас 5 ақпан Ақтауда өтеді. Бұл кездесуде World Boxing Organization Youth титулы сарапқа салынады. Бұл Бекзаттың кәсіпқойдағы алғашқы титулдық айқасы болмақ. 

23 жастағы қазақ боксшы кәсіпқой карьерасын 2020 жыды бастап, бірінші айқасында Ибрахим Маоколаны нокаутқа түсірген. Кеqін Бекзат тағы екі жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен басым түсті. 

Ал Куаси кәсіпқой боксқа 2019 жылы келді. Чико барлық жекпе-жегін Нидерланд, Бельгия мен Германияда өткізді. Ал боксқа дейін ол кикбокста өнер көрсеткен.