Бейжің-2022: Галышева Олимпиада ойындарының екінші кезеңінде сынға түседі

Бейжің-2022: Галышева Олимпиада ойындарының екінші кезеңінде сынға түседі

Юлия Галышева Бейжің олимпиадасында іріктеу сайысына шықпады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандық фристайлшы могул бағдарламасында алғашқы бәсекеден сырт қалды. Олимпиаданың қола жүлдегері не үшін жарысқа араласпағаны белгісіз. Бапкерлер Бейжіңдегі тілшімізге Галышеваның екінші кезеңде сынға түсетінін хабарлаған. Ал алғашқы сында жерлесіміз Аяулым Әміренова 16 нәтиже көрсетті. Олеся Граур 23 болып жарысты аяқтады. Анастасия Городко сайыс кезінде сүрініп, бәсекеден сырт қалды. Ерлер арасында Дмитрий Рейхерд 12,  ал Павел Колмаков 17 орыннан көрінді.