Боксшы Нұрбек Оралбай Thailand Open турнирінің финалына шықты

Боксшы Нұрбек Оралбай Thailand Open турнирінің финалына шықты
Prosports.kz

Пхукетте бокстан ерлер арасындағы халықаралық Thailand Open жарысының финалдық бәсекелері басталды.

Olympic.kz мәліметінше, 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрбек Оралбай жартылай финалда жергілікті спортшымен кездесті. Отандасымыз Таиланд спортшысы Анавата Тонгкатокты екінші раундта жарыс жолынан ығыстырды.

Айта кетерлігі, аталған халықаралық бәсекенің жартылай финалында Қазақстан құрамасынан тағы алты спортшы жұдырықтасады.

Бұған дейін Серік Теміржановтың жартылай финалға шыққанын хабарлағанбыз.