Волейболдан 23 жасқа дейінгі әйелдер командалары арасында ел үздігі анықталды

Волейболдан 23 жасқа дейінгі әйелдер командалары арасында ел үздігі анықталды
ҚР ҰОК

Волейболдан жоғарғы лигадағы 23 жасқа дейінгі әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ел біріншілігінің қорытындысы бойынша 80 ұпай еншілеген «Қуаныш-2» құрама командасы Қазақстан чемпионы атанды.

Бес кезең нәтижесінде 69 еншілеген «Алтай-4» екінші, ал 66 ұпайы бар «Алтай-2» үшінші орыннан көрінді.

Жалпы турнир кестесі келесідей:

  1. «Қуаныш 2» (80 ұпай)
  2. «Алтай 4» (69 ұпай)
  3. «Алматы 2» (66 ұпай)
  4. «ERTIS-2» (61 ұпай)
  5. «Алтай-3» (58 ұпай)
  6. «Жетісу-2» (42 ұпай)
  7. «Қарағанды-2» (30 ұпай)
  8. «Хайқаракөз-2» (24 ұпай)
  9. «Ару Астана-2» (2 ұпай).