Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатына дайындалып жатыр

Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатына дайындалып жатыр

Қазақстан құрамасы хоккейден Финляндияда өтетін әлем чемпионатына қызу дайындық жасауда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқу-жаттығу аясында жерлестеріміз Латвия командасымен қарымта кездесу өткізеді. Бұл матч Ригада Нұр-Сұлтан уақыты бойынша кешкі 10 жарымда басталады. Юрий Михайлис шәкірттері бірінші ойында латыштардан 0:5 есебімен ұтылған еді. Әлем чемпионаты 13 мамырда басталады. Қазақстан құрамасы Канада, Германия, Швейцария, Словакия, Дания, Франция және Италия командаларымен бірге «А» тобында өнер көрсетеді.