Шымкентте теннистен челленджер турнирі басталды

Шымкентте теннистен челленджер турнирі басталды

Шымкент қаласында Beeline Challenger 80 сериясы бойынша іріктеу сайыстары өтуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандықтардан алғашқы болып кортқа шыққан Никита Сидоров үндістандық Арджун Кадхеге жол берді – 4:6, 1:6. Енді А.Кадхе іріктеу сайыстарының финалында тағы бір қазақстандық Григорий Ломакинмен шеберлік байқасады. Қай жеңгені негізгі жарысқа жолдама алады. Бүгін сондай-ақ іріктеу сайыстарының жартылай финалында Тимур Мәуленов италиялық Маттео Донаттиммен, Роман Коновалов америкалық Эван Жумен өзара мықтыны анықтайды. Негізгі турнирде қазақстандықтардан бірінші ракетка болып тіркелген Денис Евсеев алғашқы матчын америкалық Улис Бланшпен өткізеді. Жарысқа арнайы шақырту алған Достанбек Ташболатов румыниялық Филипп Кристиан Жиянумен, Бейбіт Жукаев іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен кездеседі. Кеше Beeline Challenger 80 бойынша Шымкентте осындай дода аяқталған болатын. Жекелей сында финалда германиялық Себастьян Фаншелоуды 6:4, 7:6 (7:3) есебімен ұтқан америкалық Эмилио Нава чемпион атанды.