Грек-рим күресі: Болат Тұрлыханов кубогының жеңімпаздары анықталды

Алматыда күрес түрлерінен Болат Тұрлыхановтың кубогіне арналған халықаралық рейтингтік турнир басталды.

Olympic.kz алғашқы жарыс күнінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімін ұсынады.

Жарыстың бірінші күнінде бозкілемге грек-рим күресінің балуандары шықты.

Аталған бәсекенің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімі мынадай:

55 келі

1. Поя Папа Марз (Иран)

2. Марлен Мұқашев (Қазақстан)

3. Асламджон Азизов (Тәжікстан)

3. Жасурбек Ортукбоев (Өзбекстан)

60 келі

1. Али Реза Неджати (Иран)

2. Пуя Насерпур (Иран)

3. Ернұр Фидахметов (Қазақстан)

3. Ильхом Бахромов (Өзбекстан)

63 келі

1. Керем Камал (Түркия)

2. Бағлан Жаханша (Қазақстан)

3. Нирай Неерай (Үндістан)

3. Жоламан Шаршенбеков (Қырғызстан)

67 келі

1. Аброр Атабаев (Өзбекстан)

2. Джони Хецуриани (Грузия)

3. Мадияр Малтекбаев (Қазақстан)

3. Сұлтан Әсетұлы (Қазақстан)

87 келі

1. Рамин Тахерисартанг (Иран)

2. Айвенго Рикадзе (Грузия)

3. Атабек Азисбеков (Қырғызстан)

3. Жалғасбай Бердімұратов (Өзбекстан)

97 келі

1. Метехан Басар (Түркия)

2. Махди Фаллахамидабади (Иран)

3. Рустам Ассакалов (Өзбекстан)

3. Олжас Сырлыбай (Қазақстан)

130 келі

1. Осман Йылдырым (Түркия)

2. Амин Мирзазаде (Иран)

3. Антон Савенко (Қазақстан)

3. Алиакбар Юсофиахмадчали (Иран).