Ұлттық құраманың сенсациялы жеңісі

Сенсациялы жеңіс. Қазақстан құрамасының жеңісіне спорт мамандары осындай баға беріп жатыр. Өйткені Магомед Адиев баптайтын жігіттер Словакия құрамасынан басым түсіп, Ұлттар Лигасындағы жағдайын одан сайын жақсартты.

Аслан Қаженов, тілші:

- Біз қазір Братиславадан 44 шақырым қашықтықта жатқан Трнава елді мекеніндеміз және Словакия мен Қазақстан арасындағы Үлттар Дигасы аясындағы матч дәл осы жерде, дәл осы стадионда өтті. Бұл 80 мың тұрғыны бар шағын қала. Неге екенін қайдам, жергілікті футболға жауаптылар дәл осындай щещім қабылдапты және ұлттық құраманы қолдауға тек Словакиядағы ғана емес, көрші мемлекеттердегі жүздеген қазақ жанкүйерлері арнайы келіп, ойын барысында керемет атмосфера қалыптастырды.

БЛИЦ

- Жанымызда бәрі студенттер. Шетелде, Еуропада оқып жатқан қазақ балалары. Бәріміз жерлестерімізді қолдауға келдік.

- Будапешттен арнайы келдік. Қазақстанның көк туын желбіретіп келдік. Қазақстанға жеңіс және әдемі ойын тілеймін.

- Матч осындай ұрымтал сәттерге әсіресе қауіпті шабуылдарға толы болды. Ол түсінікті де. Өйткені Словакия құрамасы ә дегеннен төрткүл дүниеге танымал, атақты клубтарда өнер көрсететін Мирослов Лободко, Милан Шкриняр сияқты жасыл алаңға шығарды.

Сейсен Мұхаметжан, футболдан ұлттық құрама мүшесі:

- Матч өте жақсы. Бірінші таймда әдемі бастадық. Бірінші гол соқтық. Өте маңызды біз үшін. Қазір екінші тайм болып жатыр. Менің ойымша, ойыншыларды алмастыру керек. Орта және алдыңғы шептегі.

Сонымен матч 1:0 есебімен аяқталды. 26-минутта Аслан Дарабаев мергендігімен көзге түсті және қақпашы Игорь Шацкийдің де еңбегін ерекше атап өту керек. Кезекті рет қауіпті шабуылдарға тойтарыс беріп, осы топта фаворит саналған Словакиядан басым түстік.

Аслан Дарабаев, футболдан ұлттық құрама мүшесі:

– Алаң иелері осал емес. Біз оны о бастан жақсы білдік және соған сәйкес жоспар құрдық. Әсіресе қорғанысқа жатып алуға болмайды. Яғни допты алаңның орта шебінде ұстап, өткір шабуылдар,а көшу керек деген тапсырма қойылды. Жігіттер барлығын бұжытпай орындады. Өте қуаныштымыз. 

Аслан Қаженов, тілші:

- Ал бас бапкер жеткен жетістікке тоқмейілсуге болмайтынын алға тартады. Өйткені алда тағы өте маңызды қосч матч бар. Оның бірі Сербияда Беларусь құрамасына қарсы өтеді. Одан кейін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мен Словакия қарымта матч өткізеді.

Айта кетейік, осы жеңістің арқасында Қазақстан өз тобының бірінші сатысында тұр.

Аслан Қаженов