Паратаеквондодан ел чемпиондары анықталды

Паратаеквондодан ел чемпиондары анықталды
csp-parasport.kz

Тараз қаласында ерлер мен әйелдер арасында паратаеквондодан Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Қазақстанның таеквондо федерациясы csp-parasport.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Жарысқа еліміздің 10 өңірінен 37 спортшы қатысты.

Ерлер арасында +80 кг салмақтағы нәтиже:

1-орын – Өмірәлі Нышан;

2-орын – Ғариполлаев Әлішер;

3-орын – Пірназаров Марат;

3-орын – Мамыров Жәнібек.

Ерлер арасында -58 кг салмақтағы нәтиже:

1-орын – Айдарбеков Нысанбек;

2-орын – Ақтілеуов Нышанбек;

3-орын – Есқалиев Руслан;

3-орын – Марденов Ринат.

Ерлер арасында -63 кг салмақтағы нәтиже:

1-орын – Көшербаев Бауыржан;

2-орын – Жұманғали Айбек;

3-орын – Суесинов Кайдос;

3-орын – Дінмұхаммед Асқар.

Ерлер арасында -70 кг салмақтағы нәтиже:

1-орын – Қазиев Жанболат;

2-орын – Жұмақан Нұрбек;

3-орын – Ержанов Жұмағали;

3-орын – Зобнев Платон.

Ерлер арасында -80 кг салмақтағы нәтиже:

1-орын – Домбаев Нұрлан;

2-орын – Тұрдалин Темурлан;

3-орын – Тұркеев Азамат;

3-орын – Мұхитдинов Қалкен.

Сондай-ақ Рахметалиев Кенжебек (+80 кг), Қапбасов Серікбай (-63 кг), Далиев Сиязбек (-70 кг) және Мұқашев Мәлік (-80 кг) бірінші орынға ие болды.

Әйелдер арасында Красавцева Милана (-47 кг) мен Досмалова Кәмиля (-57 кг) жеңімпаз атанды.

Айта кетсек, Қазақстан чемпионаты бірінші рет «DAEDO» электронды төрешілік жүйесімен өтті. Электронды жүйе нақты жарыс нәтижесін анықтау мақсатында қолданылады. Жүйе соққының күші мен дәлдігін көрсетеді. Жүйе әлемдік практикада кеңінен қолданылады. Ең алғаш рет 2008 жылы Кореяда қолданысқа енгізілді.