Кукушкин Нұр-Сұлтандағы турнирдің ширек финалына өте алмады

Кукушкин Нұр-Сұлтандағы турнирдің ширек финалына өте алмады
Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Челленджер сериясы турнирінің жекелей сында ширек финалға жолдама ала алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші айналымдағы кездесуде Кукушкин бразилиялық теннисші Габриэль Декампқа 3-6, 7-6, 3-6 есебімен есе жіберді.

Матч 2 сағат 27 минутқа созылды.