Дзюдодан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

Дзюдодан ерлер және әйелдер арасындағы Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының спортшылар тізімі белгілі болды. 4-7 тамыз күндері Нұр-Сұлтанда өтетін құрлықтық біріншілікке ел құрама сапынан 18 спортшы қатысады.

Ерлер: 

Мағжан Шамшадин (60 кг) 

Бауыржан Нарбаев (60 кг) 

Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) 

Ерлан Серікжанов (73 кг) 

Данияр Шамшаев (73 кг) 

Дидар Хамза (90 кг) 

Нұрлыхан Шархан (-100 кг) 

Ислам Бозбаев (-100 кг) 

Әділ Оразбаев (+100 кг)

 

Әйелдер:

Абиба Абужақынова (48 кг) 

Ғалия Тынбаева (48 кг) 

Гаухар Ирмагамбетова (52 кг) 

Севара Нишанбаева (57 кг) 

Мөлдір Нарынова (63 кг) 

Анастасия Маякова (70 кг) 

Аруна Жангельдина (-78 кг) 

Камила Берліқаш (+78 кг) 

Назгүл Маратова (+78 кг) 

Айта кетерлігі, IJF ережесі бойынша Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне олимпиадалық рейтингте ұпай сандары қосылады. Атап айтқанда, жеңімпаз 700 ұпайды еншілесе, 2-орын иегері 490, ал 3-орынға 350 ұпайдан үлестіріледі.