Абиба Абужақынова – дзюдодан Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Абиба Абужақынова Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медалді салды. 48 келіге дейінгі салмақта белдескен ол күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Отандасымыз финалда жапониялық Кога Уаканаваға жол берді.

Айта кетерлігі, ол жартылай финалда Наранцэцэг Ганбаатарды голден скорда жеңді.