Рыбакина мен Путинцева Торонтодағы теннис турнирінің екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисшілер Юлия Путинцева мен Елена Рыбакина Торонтодағы турнирдің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Рыбакина WTA рейтингінің 47-ші сатысында тұрған чехиялық Мария Бузкованы жеңді есеп 7:5, 6:7 (3), 6:1. Кездесу үш сағаттан астам уақытқа созылды. Қазақстандық спортшы жеке кездесулердегі басымдығын нығайтты - 3:0.

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева (рейтингте 46-шы орын) канадалық Кэтрин Себовты (299 WTA) жеңді) есеп - 3:6, 6:2, 7:5. Келесі айналымда Юлияға Испаниядан келген Паула Бадоса қарсылас болады.