Бокс жанкүйерлері Головкин мен Канело арасындағы жекпе-жекті күтіп жүр

Бұл сайыста кімнің бағы жанады, сол қызық. Бокс маңайындағы мамандар жекпе-жек жөнінде әртүрлі болжам жасайды. Әйтеуір кім не десе де, бәрін шаршы алаң көрсетеді. Дәл қазір боксшыларға тек қолдау қажет. Осы мақсатта бүгін Алматыдағы Медеу шатқалында Генадий Головкинге қолдау көрсету шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әуесқой боксшылар ашық аспан астында жұдырықтасса, ардагер боксшылар жас өрендерге шеберлік сабағын өткізді. Ән шырқалып би де биленді. Әртүрлі ойындар ойнатылды.  Іс-шара соңында жиналған жұрт  «Гена біз сенімен біргеміз»,- деп ұрандатып, қазақстандық кәсіпқой боксшыға жылы лебіздерін жолдады. 

Николай Гребнев, Медеу кешенінің директоры:

- Әуесқой бокста-ақ жұлдызы жанған жерлесіміз  кәсіпқой бокста да барлық биікті бағындырды. Тек осы Канелоға ғана есе жіберді демесеңіз өзге қарсыластарына бет қаратқан жоқ. Ер кезегі үшке дейін деген. Осы жолы жерлесіміз  есе қайтарады деген үміттеміз.

Сондай-ақ...