Қазақстан заманауи бессайыстан Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте үшінші орын алды

Ерлер мен әйелдер арасында өткен жарыс осындай нәтиже көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал,  жасөспірімдер додаға енді түсіп жатыр. Спорттық шара Алматы облысының Талғар ауданында ұйымдастырылды. Бұл жарыста еліміз қос бірдей жүлдеге  ие болды. Екеуі де  эстафетаға тиесілі. Қазақстан құрамасының бас бапкері Сергей Туробов қазақстандық спортшылар ойдағыдай көрсеткішке жетті, деп санайды. Себебі, олардың қарсыластары әлем чемпиондары мен олимпиада жүлдегерлері болған. Соған қарамастан, жерлестеріміз қарсыластарымен тең дәрежеде ойнай білген.

Сергей Туробов, Заманауи бессайыстан қр құрамасының бас жаттықтырушысы:

- Чемпионатқа 10 елден спортшылар қатысты.  Барлығының дайындығы жақсы. Кіл мықтылар. Бұл жарыс көптен бері өтпеген еді . Сондықтан, оған қатысуға ұсыныс білдірушілердің де қатары көп болды.  Спортшылардың элиталық тобы келді десек артық айтпағандық. Корея жақсы өнер көрсетті. Олар Азияда ғана емес, әлемде мықты саналады.