Қазақстандық мергендер Қасымхан Қанат пен Ералхан Айкөз дүниежүзілік көшпенділер ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық мергендер Қасымхан Қанат пен Ералхан Айкөз дүниежүзілік көшпенділер ойындарының күміс жүлдегері атанды

Түркияның Изник ауданында өтіп жатқан сайыста Қанат садақ атудан топ жарса, ал Айкөз түрік әдісімен қабақ атудан жүзден жүйрік шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үздік 16 мергеннің арасынан финалға суырылып шыққан Қасымхан Қанат финалда түріктің Оғыз Оқшы мергенімен күш сынасты. 2 ұпай айырмашылығымен есе жіберді. Дәстүрлі садақ атудан аталған жарысқа әлемнің 32 елінен 135 спортшы бақ сынады. Парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов спортшылардың жанынан табылып, жерлестерге жанкүйер болды.

Қасымхан Қанат, күміс медаль иегері:

- Садақ атумен үзбей айналысып жүргеніме 1,5 жылдай уақыт болды. Осындай дайындықтың нәтижесінде әлемдік деңнейге шығып отырмын. Елордада садақ ату клубумыз бар. Сол жерде жаттығамыз бәріміз. 16 адам келдік. Енді келесіде Қазақстан Республикасының чемпионатында жақсы нәтиже көрсетіп, құрама командасвна кіру жоспарымда бар.

Ералхан Айкөз, күміс жүлде иегері:

- Мен бұл спортқа жамбы ату, ат ұстінде садақ ату спортынан келіп тұрмын. Қазақстан құрама командасының мүшесімін. Есімім Ералхан болады. Қазақстанда Түркістан облысының атынан шығамын. Енді мұндағы мақсаи, Қазақсианның абыройын көтеріп, бірінші орынды алып қайту.