Кикбоксинг шеберлері Қызылжарға жиналды

Солтүстіктегі аймақта халықаралық дәрежедегі спорт шебері Азамат Нұрпейісовті еске алуға арналған «Қызылжар» дәстүрлі турнирі аясында Қазақстан кубогы өз жалауын көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осымен 22-ші рет ұйымдастырылып жатқан жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ден аса былғары қолғап шебері қатысып жатыр. Олардың арасында қыздар да бар.

Шаршы алаңға шығатын спортшылар бірнеше салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтайды. Кейін үздік спортшылардан ұлттық құрама жасқаталып, Тайландта өтетін Азия біріншілігіне ел намысын қорғайды.

Нұрболат Рысмағамбетов, кикбоксингтен ҚР мемлекеттік  жаттықтырушысы:

- Қазақстан кубогы жастарымызға спорт шеберін орындауға мүмкіндік береді. Тайландта 9 – 19 аралығында желтоқсанда өтеді, содан үш салмақта бізде іріктеу болады. Осы жерде 3 салмақты қараймыз.