Елімізде құсбегілікті дамытуға ерекше көңіл бөлінеді

Елімізде құсбегілік спортын дамытып, оны кеңінен насихаттауға ерекше көңіл бөлінбек.

Оның негізгі деген тетіктері Қазақстан Құсбегілік Федерациясы мен Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы басшыларының кездесуінде белгілі болды. Астанадағы бас қосуда қос тарап бірлескен меморандуға қол қойды. Оның негізінде құсбегілерді біріктіріп отырған федерация Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына қосылатын болды. Қазір елімізде құс баптаумен кәсіби тұрғыда айналысатын 200-ден аса адам бар. Енді олардың арасындағы байланысты нығайтып, ұлттық спортымызды өскелең толқынға насихаттау қолға алынбақ. Бұған қоса жиын барысында алдағы уақытта бірлесе артқалыратын спорттық және бұқаралық шаралар да сөз болды.

Берік Уәли,  ҚР Құсбегілік федерациясының президенті:

Исламбек Салжанов, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті: