Қ. Тоқаев шахматшыларды құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласында шахматтан өтіп жатқан әлем біріншілігінің қатысушыларына құттықтау жолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қазақстанда осы турнирді өткізуге септігін тигізгені үшін Халықаралық шахмат федерациясының басшылығына ризашылығымды білдіремін. Бүгінде қазақстандық шахматшылар балалар мен ересектер арасындағы Азия және әлем чемпионаттарында жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Біз Қазақстанда шахматты жүйелі түрде дамытуды жалғастырамыз. Турнир қатысушыларына жарыстан ұмытылмас әсер алып, жарқын жеңістерге жетуді тілеймін», –делінген Президенттің құттықтау хатында. Рапид және блиц бойынша ерлер мен әйелдер арасындағы спорттық додаға қатысу үшін әлемнің 50-ден астам елінен үздік шахматшылар жиналған.