«Астана» баскетбол командасы «Самарадан» жеңілді
Елордалық клуб үшін жыл сәтсіз басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ол ВТБ Бірыңғай лигасы аясында кезекті кездесуін өз алаңында өткізген еді. Бұл жолы ресейлік «Самара» командасымен жолықты. Қонақтар ә дегеннен басымдықты өз қолдарына алып, төрт кезең бойы ұпай айырмасымен алда болды. Қорытынды есеп: 51:99. Қазақстандық команда сапынан Даниил Аксенов 16 ұпай жинап, ең нәтижелі ойыншы атанды. Бұған қоса, Майкл Майерс еншісінде 13 ұпай, Кваме Вонда 9 ұпай бар. Есе жіберген «Астана» қазір турнир тізіміндегі 12 команда арасында 11-ші болып тұр. Елордалық клуб кезекті кездесуін де өз алаңында өткізеді. 7-ші қаңтар күні Санкт-Петерборлық "Зенит" командасын қабылдайды.