Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері ауысты
Мырзағали Айтжанов – бас бапкер. Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жетекшісі ауысты.
Бұған дейін бұл қызметті Қайрат Сәтжанов атқарған. Енді оның орнына Мырзағали Айтжанов келді.
Айта кету керек, ол 2009-2018 жылдар аралығында да еліміздің ерлер құрамасын жаттықтырған болатын. Сол аралықта Серік Сәпиев, Данияр Елеусінов сияқты олимпиада чемпиондары шықты. Бұған қоса, ұлттық құрама әлем чемпионаттарында 5 бірдей алтын жеңіп алды. Енді араға 5 жыл салып Айтжанов қайтадан ұлттық команданың тізгінін алып отыр. Енді оның алдында өте маңызды міндеттер тұр. Әсіресе, мамыр айында Ташкентте өтетін әлем чемпионатына жігіттерді дайындайды. Бұған қоса, биыл кейінгі шегерілген Азия ойындары ұйымдастырылады. Ал ең басты бәсеке - Париж олимпиадасы. Оның жолдамалары да биыл сарапқа салына бастайды.