Астанада жеңіл атлетикадан халықаралық турнир басталды
Бұл бәсекені бәсі жоғары. Күміс деңгейдегі жарысқа Ұлттық құрама үздіктері қатысады.
Олардың арасында Михаил Литвин, Аделина Земс, Ольга Сафронова секілді жерлестеріміз бар. Америкалық жеңіл атлеттер Майкл Роджерс пен Шеннон Рэй және Португалиялық Жуа Витор де Оливьейра да сайыс көркін қыздырады. Жалпы әлемдік турдың Астаналық кезеңінде спорттың 10 түрінен медальдар сарапқа салынады. Жеңімпаздар 4 мың АҚШ доллары көлемінде қаржылай сыйлыққа ие болады. Елордадағы жарысқа 92 спортшы тіркеліпті. Олардың 72-сі қазақстандық атлеттер. Жарыс Қазақстан спорт кешенінде өтеді. Биылғы тур Астанадан бөлек, АҚШ, Германия, Чехия, Франция және Словакия мен Сербия елдерінде ұйымдастырылады.