Елімізде шахмат секциялары екі есе артады
Елімізде шахмат секцияларының саны 7 мыңнан 14 мыңға дейін ұлғаяды. Осы арқылы зияткерлік ұлт қалыптастыруға үлес қосып, жаңа чемпиондарды тәрбиелеп шығару көзделіп отыр. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов Мемлекет басшысына баяндады.
Сондай-ақ кездесу барысында Президентке әлем чемпионы атағы үшін биыл Астанада 7 сәуір мен 1 мамыр аралығында өтетін шахмат жарысына даярлық барысы туралы айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев отандық шахмат шеберлерінің халықаралық аренадағы жетістіктеріне жоғары баға берді. Оның айтуынша, елімізде әлемнің үздік шахматшыларының қатысуымен ірі жарыстар ұйымдастыру балалар мен жастар арасында осы спорт түрінің танымалдылығын арттыруға ықпал етеді.