Australian Open-2023: Елена Рыбакина жартылай финалға шықты

Australian Open-2023: Елена Рыбакина жартылай финалға шықты

Қазақстандық теннисші латвиялық Елена Остапенконың осал тұсын тапты.

Алғашқы сетта жерлесіміз 3:1 есебімен алға шыққан. Одан соң ауа райына байланысты матчта үзіліс жарияланды. Жерлесімізге жаңбыр да кедергі келтірмеді. Үзілістен кейін кортқа оралған Рыбакина,.. қарқынын үдете түсіп, алғашқы партияны өз пайдасына шешті. Есеп 6:2. Екінші сетта да Қазақстандық теннисшінің басымдығы байқалды. Елена 6:4 есебімен жеңіске жетіп, кездесуді екі партияда аяқтады. Рыбакина спорттық мансабында алғаш рет Австралия ашық біріншілігінің жартылай финалына жолдама алды. Енді ол Джессика Пегула - Виктория Азаренко жұбының жеңімпазымен финалдық жолдаманы сарапқа салады. Былтыр Елена Уимблдонда топ жарғаны белгілі. Сондықтан Қазақстандық теннисшінің үлкен шлем жарыстарындағы тәжірибесі бар.