Универсиаданың күміс жүлдегері Сергей Ткаченко елге оралды
Универсиадасының күміс жүлдегері, «қанатты» шаңғышы Сергей Ткаченко да Лейк-Плэсидтен елге оралды.
Бүгін таңертең Сергей мен құраманың басқа да мүшелерін Алматы әуежайынан туыстары мен достары қарсы алды. Жеңімпаздарды күтіп алуға Спорт және туризм академиясының өкілдері де келді. Еске салайық, қазақстандық Данил Васильев пен Сергей Ткаченко қысқы Универсиадада шаңғымен тұғырдан секіруден ерлер арасындағы командалық жарыста күміс жүлдеге қол жеткізіп, қоржынымызға алтыншы медальды салған болатын. Ал жекелей сында Данил Васильев орташа трамплиннен алтын медальға иелік еткен еді. Бүгін Ткаченко жерлестерінің қолдауына алғыс білдірді. Ол бұдан да жоғары жетістікке жетуге аяғының жарақаты кедергі келтіргенін атап өтті.
Сергей Ткаченко, Универсиаданың күміс жүлдегері:
- Барлығы жақсы. Өзімді орта деңгейде өнер көрсеттім деп санаймын. Жеке сында медаль ала алмадым. Бірақ командалық жарыста жақсы көрсеткішке жеттік. Тынбай еңбектеніп, жаттығуды үзбеу керек. Өткен жазда аяғым сынған. Сол қысқа қарай ғана қалпына келді. Көп жаттықтым. Десе, жарыста белгі берді.
Мұхтар Есқалиев, Қазақстан студенттік спорт одағы президентінің орынбасары:
- Бүкіл қазақ елі куә болғандай жақсы жетістіктерге жетті. Жалпы командалық есепте 11 орынға тұрақтап медальдар саны бойынша 3 алтын, 4 күміс. 4 қоланы біздің студент спортшыларымыз еншіледі.