Бангкок қаласында бокстан 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды
Қоржынымызда 11 медаль. Оның үшеуі – алтын.
Тайланд астанасы Бангкок қаласында бокстан 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күні ерлер арасындағы финалдық бәсекелер өтті. Бұл сынға 6 бірдей жерлесіміз жоллдама алған еді. Араларынан ең жеңіл салмақтағы Санжар Ташкенбай, бұған қоса, 54 және 57 келіде ел намысын қорғаған Нұрсұлтан Алтынбек пен Махмуд Сабырхан қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, Азия чемпионы атанды. Орта салмақтарда жұдырықтасқан Абзал Серік, Сабыржан Аққалықов және Диас Молжігітов күміс жүлдеге қол созды. Осы көрсеткіштің арқасында Қазақстан жалпыкомандалық есепте 2-ші орынға тұрақтады.
Топ басында – Өзбекстан. Олардың еншісінде 9 алтын бар. Үздік үштікті Филиппин жігіттері түйіндеп тұр. Айта кетейік, осының алында қыздар арасындағы бәсеке де өтті. Ұлттық құрама спортшылары 2 алтын мен 7 қола жеңіп алып, жалпы есепте үшінші орынға тұрақтаған болатын.