Australian Open ойындарының финалдық матчы өтіп жатыр

Australian Open ойындарының финалдық матчы өтіп жатыр

Дәл қазір Австралияның Мельбурн қаласында Қазақстандық Елена Рыбакина мен Беларусь теннисшісі Арина Соболенко арасындағы Australian Open ойындарының финалдық матчы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірінші партия қазақстандық теннисшінің пайдасына шешілді. Елена Рыбакина Арина Соболенкодан 6:4 есебімен асып түсті. Екінші партияда 6:3 есебімен Соболенко жеңді. Бірақ қорытынды сеттің қалай аяқталатыны әзірге белгісіз. Жалпы бұл жарыс Қазақстан теннисінің тарихында қалмақ. Финалға дейінгі кезеңде біздің спортшы Елена Рыбакина әлемнің кіл мықтыларынан асып түсті. Бәсекелестердің қатарында әлемнің бірінші ракеткасы поляк ойыншысы Ига Швёнтек бар.

Айта кетейік, финалда жеңіске жеткен спортшы «Үлкен Дулыға» титулын алады.