Australian Open: Е. Рыбакина А. Соболенкодан ұтылды

Australian Open: Е. Рыбакина А. Соболенкодан ұтылды

Елена Рыбакина Australian Open турнирінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Австралияның Мельбурн қаласында өткен финалдық ойында Қазақстандық теннисші Беларусь спортшысы Арина Соболенкодан ұтылды. Бірінші партия қазақстандық теннисшінің пайдасына шешілді. Елена Рыбакина Арина Соболенкодан 6:4 есебімен басым түсті. Екінші партияда 6:3 есебімен Соболенко жеңді. Қорытынды сетте де 6:4 есебімен Беларусь спортшысы басым түсті. Осылайша, Арина Соболенко «Үлкен Дулыға» титулын алды.

Жалпы бұл жарыс Қазақстан теннисінің тарихында қалмақ. Финалға дейінгі кезеңде біздің спортшы Елена Рыбакина әлемнің кіл мықтыларын жеңді. Бәсекелестердің қатарында әлемнің бірінші ракеткасы польша ойыншысы  Ига Швёнтек бар.

Фотосурет Sports.kz сайтынан алынды.