16 команда қатысқан дәстүрлі додада өнер майталмандары мен БАҚ өкілдері бақ сынады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Турнир қорытындысы бойынша, «Үш сері» командасы топ жарды. Ал жүлделі 2 орынды фототілшілердің «Фокус» командасы қанжығалады. 3 орын «Қаллеки» театрына бұйырды. Бас демеушінің арнайы сыйлығы Қазақстан телеарнасының «Ұлттық арна» командасына иеленді. Бұдан бөлек, мерген, шебер, ұқыпты ойыншы сынды аталымдар бойынша қатысушыларға сыйлықтар үлестірілді. Дәстүрлі сайыстың мақсаты – қазақ дәстүрін насихаттау әрі өнерді қолдау.
Марат Демеуов, ұйымдастырушы:
- Бияльярдты өткізудің себебі – ең біріншіден, мынау өнер саласындағы жүрген азаматтардың ауызбіршілігін арттыру, өнерді қолдау. Сол үшін бильярдты турнир өткізіп жатырмыз. 1-ші, 2-ші, 3-ші орынды марапаттауға сыйлықтарымыз бар. Жеңімпаздарымызға ақшалай сыйлықтарымыз, дипломдарымыз, медальдарымыз бар.
