Новак Джокович Australian Open-2023 турнирінің жеңімпазы атанды
Ақтық сында сербиялық спортшы әлемнің төртінші ракеткасы Стефан Циципаспен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Матч 2 сағат 57 минутқа созылды. 3-ші сеттің қортындысы бойынша Джокович қарсыласын басып озды. Қоржыны тағы бір «Үлкен Дулығамен» толықты. Тарихи жеңістің арқасында 35 жастағы теннисші АТР рейтингісінде қайта көш бастайды.
Айта кетейік, Джокович Австралия ашық чемпионатында осымен 10-шы мәрте жеңіске жетіп отыр. Одан бөлек, 7 рет Уимблдон, 3 рет «US Open» және 2 рет Роллан Гаррос турнирінде қарсылас шақ келтірмеген еді. Осылайша, сербиялық теннисші 22 мәрте «Үлкен дулыға» турнирінің кубогын иеленіп, Рафаель Надальдың жетістігін қайталады.