Индонезиядағы спорттық ату түрлерінен Әлем кубогінде қоржынымыз қола медалмен толықты
Индонезияның Джакарта қаласында спорттық ату түрлерінен әлем кубогы өтіп жатыр.
Жарыстың кезекті күні тапаншамен нысана көздеу бәсекелері болды. Ұлттық құрама спортшылары аралас жұптық сында сәтті өнер көрсетіп, жалпы есепте үшінші орынға тұрақтады. Ел намысын Ирина Юнусметова мен Рахимжан Валерий қорғаған болатын. Шымкент және Алматы қаласының өкілдері ақтық сында Корея спортшыларымен жолығып, айқын басымдықпен алға шықты. Айта кету керек, бұл ұлттық құрама қоржынындағы екінші медаль. Бұған дейін винтовкамен нысана көздеуде тағы бір қазақстандық Константин Малиновский күміс жүлдегер атанған болатын. Джакарта қаласындағы жарыс 7-ші ақпанға дейін жалғасады. Әлем Кубогының қорытындысы бойынша үздік нәтиже тіркеген спортшыларға рейтинтік ұпайлар беріледі. Дәл осы көрсеткіш кейін Париж олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынғанда негізгі рөлді атқарады.