Елімізде шайбалы хоккейден ҚР чемпионаты жалғасып жатыр
Кезекті ойын Петропавл қаласында өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жергілікті «Құлагер» бұл жолы Астананың «Номад» командасын қарсы алды. Алғашқы минуттардан алаң иелері тізгінді өз қолына алып, тамаша ойын өрнегін көрсете білді. Алғашқы кездесудің қорытындысы бойынша есеп 2:1 аяқталды, яғни Солтүстік Қазақстандықтардың пайдасына. Кездесу бүгін тағы жалғасатын болады.
Руслан Есеналин, «Құлагер» хоккей клубының директоры:
- «Құлагер» үшін 4 кездесу қалды. Кейін Плей-офф ойындары басталады. Онда біздің қарсыласымыз – бірнеше маусым Қазақстан чемпионы болған Қарағандының «Сарыарқасы». Жалпы бүгінгі ойын соған дайындық десек те болады.