Батыс Қазақстан облысының Бұлдырты ауылында дене шынықтыру және сауықтыру кешені ашылды.
Жаңа нысанда күрес, армрестлинг, футбол және волейбол залдары бар. Бұған дейін Бұлдырты ауылында қол күресінен 2 спорт шебері және 17 спорт шеберлігіне үміткер мен Азия, Әлем чемпионаттарының жеңімпазы шыққан. Дәл қазір облыстың Қазталов, Тайпақ, Чапаев және Тасқала ауылдарында жаңа спорт кешендері салынып жатыр.
Нұршат Қоныс, оқушы:
- Осы жылдан бастап осы жаңа залға келгеніміз. Жаңа залда жаңа жетістіктерге жетеміз, осы зал керемет, жақсы условиялар жасалған, туалет, душ, барлығы жасалған.
