Дэвис Кубогі: Қазақстан мен Чили кездеседі
Климат шешуші рөл атқаруы мүмкін. Бірер күннен кейін теннистен ерлер арасындағы командалық әлем чемпионаты Дэвис Кубогы басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Іріктеу кезеңінде жерлестеріміз Чили құрамасымен жолығады. Осы мақсатта Юрий Щукин баптайтын жігіттер қазір Оңтүістік Америка құрлығындағы Ла-Серена қаласына жетіп, жарыс алдындағы дайындықты пысықтап жатыр. Бұнда сынап бағанасы +20-22 градусты көрсетіп тұр. Ауа өте ылғал. Аталған факторларды ерекше ескеру керек, - дейді отандық теннистің басы-қасындағылар. Ұлттық құрама сапына бұл жолы Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Александр Недовесов және Александр Бублик сияқты тәжірибелі ойыншылармен қатар жас буын өкілі Тимофей Скатов та шықыртылды. Алғашқы кездесу 4 ақпанда өтеді. Яғни, алдымен қос бірдей жекелей сын болады. Ал 5 ақпанда жұптық бәсеке ұйымдастырылады. Жеңіске жеткен тарап Дэвис Кубогының финалдық кезеңіне жолдама алады.
Тимофей Скатов, Ұлттық құрама мүшесі:
- Біз сырт алаңда ойнаймыз. Сондықтан жергілікті климатқа жақсылап бейімделіп, жаттығуды барынша жүйелеуіміз керек. Бұған қоса алдағы матчтарда көрермендер Чили құрамасын қолдайды. Бұны да негізге алып, психологиялық әзірлікке бөлек екпін жасап жатырмыз. Мақсат – әр кездесуде қарсыластарды айқын басымдықпен ұтып, финалдық кезеңге жолдама алу.